Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк төрағалары туралы әзіл аралас жұмбақ желіде тарап кетті

Қазақстан қор биржасының (KASE) бұрынғы басшысы Азамат Жолдасбеков Facebook-тегі жеке парақшасында суреттегі 5 адамның 14 қызметі туралы әзіл аралас жұмбақ жариялады, – деп хабарлайды Stan.kz.

«Суретте Қазақстан Ұлттық банкінің 4 төрағасы, Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 3 төрағасы, Қазақстан қор биржасының 3 бас атқарушы директоры, Ұлттық банктің 2 бас атқарушы директоры, БТА Банктің 2 бас атқарушы директоры жайғасқан. Суретте неше адам бар?», – деп жазады Жолдасбеков.

Жазбада кей адамдарды екі реттен санау керектігі жөнінде айтқан.

Ал жұмбақтың дұрыс жауабын Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева тапты. Ол суретте Ұлттық банктің үш бұрынғы төрағасы Григорий Марченко, Әнуар Сайденов және Қадыржан Дамитов барын айтты.

Ал Жолдасбековтың өзі, Қадыржан Дамитов пен Әбен Бектасов Қазақстан қор биржасының төрағалары болған. Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияда Жолдасбеков,  Бектасов және Марченко төраға қызметін атқарған. Ұлттық банкте бас директор болған – Марченко мен Сайденов. БТА Банкте бас директор қызметінде болған – Сайденов пен Дамитов.

Оқи отырыңыз:

Павлодарда облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қамауға алынды

Діндарлар учаскелік полицейлердің іс-әрекетіне қатысты шағым айтты

Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Астанада қымбат көлігімен адам қаққан министрліктің лауазымды қызметкеріне қатысты жаңа дерек шықты

Талқылау