Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк басшысы Қазақстан банктерінің бірігуіне қатысты пікір білдірді

ҚР Ұлттық Банк төрағасы Данияр Ақышев екі банкті біріктіру жайлы айтып берді, деп хабарлады «ҚазАқпарат».

169c7a1361de9a759f1354760dd

«Олардың құрылымында ұлттық валютада берілген несиелер үлесі жылдың басынан бері валюталық несиелердің айтарлықтай қысқаруы аясында бір айда 67,4%-дан 68,0%-ға дейін ұлғайды. Сондай-ақ, қысқамерзімді қарыздар портфелінің айтарлықтай төмендеуі нәтижесінде ұзақмерзімді несие үлесі 81,9%-дан 83,5%-ға дейін өсті», – деді Д. Ақышев.

Ол несиелендірудің одан әрі кеңеюіне базалық мөлшерлеменің жақында орын алған төмендеуі және ақша нарығындағы ресурстар құнының тиісті тұрақтануы ықпал ететіндігін атап айтты.

«Банк секторындағы шығыстар мен шығындарды оңтайландыру – шарасыз үдеріс. Банк акционерлері қаржы институттары институттарды капиталдандыру бойынша алдағы  міндеттемелер тұрғысынан олардың бизнесінің табыстылығын қамтамасыз етуге қаншалықты қабілетті екенін бағалауы тиіс, яғни осы банктерде бар міндеттемелер бойынша уақтылы есептесуі тиіс. Елдегі экономикалық белсенділік баяулаған жағдайда, көптеген қаржы институттары үшін шоғырландыру үрдісі шешімдердің бірі болып табылады, сонда бір институттың күшті жақтарын біріктіру есебінен басқа институттың әлсіз жақтары жойылып, сау теңгерімді қаржы институты қалыптасуы мүмкін», – деді Ақышев.

«Банктер бірігу ниеті туралы меморандумға қол қойғанда, нарықта басқа банктер туралы әңгімелер жүріп жатқанын білемін. Бұл үдеріс жалғаса береді, бұл үдеріс бизнестің экономикалық бағалауына негізделеді. Біз реттеуші ретінде елде тұрақты қаржылық жүйе қалыптасуына мүдделіміз». Егер біріктіруді дұрыс деп болжасақ, нарықта ойыншыларды кооперациялау немесе шоғырландыру қаржы жүйесінің орнықтылығын жақсартуға алып келеді, біз мұны құптаймыз. Кеше екі банк ниеті туралы айтты, бұл жағдай бізде талқыланды – банк акционерлері Ұлттық банк басшылығымен кездесті. Қай үлгі бойынша алға жылжитынын көрсетті. Олар қай жаққа жылжу қажеттігін түсінеді деп ойлаймын. Бұл үрдіс жалғаса береді», – деді Ұлттық банк басшысы.

Бұған дейін “Халық банк” пен “Казкоммерцбанк” ақыры бірігетінін хабарлаған едік.

Оқи отырыңыздар:

Ұлттық экономика министрі азық-түліктің қымбаттауына халықтың өзін кінәлады

Қытайлық жігіт сүйіктісіне 33 тонналық тас тарту етіп, ұсыныс жасады

Шымкенттік келіншек дәрігерлердің “тусаң көз жұмасың” дегеніне көнбей тұңғышын босанды

Америка тұрғыны аяқ киім пішініндегі үй тұрғызды (фото)

Талқылау