Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үлкен теннистен қазақстандық Дмитрий Попко Мексикадағы турнирде топ жарды

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко (ATP 245) Мексиканың Морелия қаласында өткен ATP Challenger 125 сериялы турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: olympic.kz

Қазір Дмитрий Попко бүкіләлемдік рейтингте 95 орында келеді.

Отандасымыз финалда турнирдің бірінші ракеткасы, 2021 жылғы ATP 250 Astana Open финалисі, австралиялық Джеймс Даквортты (ATP 95) 1:6, 6:2, 6:4 есебімен жеңді.

Теннисшілер кортта 1 сағат 47 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Попко сегіз эйс жасап, алты брейк-пойнттың үшеуін жүзеге асырды.

Осылайша, 28 жастағы қазақстандық теннисші челленджер додасында екінші рет жеңімпаз атанды. Попко Мексикадағы жарыстан 28,4 мың доллар қаражат тапты. Сонымен қатар 125 рейтингтік ұпайға ие болды.

Талқылау