Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украиндік ұшқыш көз көрмес қараңғылықта 121 жолаушыны аман-есен жерге қондырды (фото)

Украиндік ұшқыш Александр Акопов бұршақ жауған көз көрмес қараңғылықта жолаушыларды Ататүрік әуежайына аман-есен жеткізген.

0013

Бұршақ салдарынан ұшқыштың терезесі де сынып кеткен.

Александр Акопов украин экипажының капитаны. Ол 121 жолаушы мен 6 экипаж мүшесін жерге аман-есен қондырды. Atlas Global әуекомпаниясы Станбұлдан Солтүстік Кипрдегі Эрджанға ұшпақ болады. Ұшақ ұшып шығардың алдында ауа-райы жақсы болған.

DF6kh-yXsAEq-Zk

Ауа-райы бұзылып, жауған бұршақтан көз алды көрінбей қалады.

Ұшақтағылардың бәрі апат болады деп сенген. Жолаушылар ішінде ажал құшамын деп ойлағандар айқайға басып жылап жатты.

Капитан Акопов кері қайтуды ойлап, ұшақты жанына бұрады. Осылайша шеткі әйнектен даланы аздап көре алған.

20431748_10155480259527707_5329380155730499047_n1

Экипажың өзге мүшелері мен Ататүрік әуежайының қызметкерлері де жақсы жұмыс істеген. Осылайша ұшақты аман-есен жерге қондырды.

Өзге ұшқыштар шамын жағып, Акоповтың қолын алу оған үшін арнайы барыпты.

51 жастағы Александр Акопов 31 жылдан бері ұшақ басқарады. Оның аспанда ұшқан уақыты 14 мың сағат. Украин мен түрік басылымдарының батырына айналған ол КСРО кезінде білім алып, Укранадағы азамат соғысының алдында жұмыс істеу үшін өз елінен кеткен.

Александр өзінің бұл ерлігін аса мақтанышпен айта бермейді. Бірақ өміріндегі ең қауіпті рейсі сол болғанын мойындайды.

20170529190119_82249

«Мені батыр етіп көрсетудің керегі жоқ. Жарай ма? Аса мақтаудың керегі жоқ. Мен жай ғана өз міндетімді атқардым», – дейді Акопов украин тілшілеріне берген сұхбатында.

Тағы да оқыңыз:

Ұрылар жолда кетіп бара жатқан көліктен Iphone телефондарын ұрлап кеткен

“Жалаңаш” суреттері жарияланып кеткен полицейді қызметінен шығармайды

Ғалымдар ыдыс жууға арналған сорғыштың адам өліміне апаратындай зиянды екенін айтты

Үш жасар қызды зорлаған қылмыскерді елдің көзінше атып тастады (фото)

Талқылау