Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Украинаның бұрынғы президенті 15 жылға сотталды

Фото: Reuters.com

Украина соты бұрынғы президент Виктор Януковичті сырттай 15 жылға соттады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сот елдің экс-президентін шекараны заңсыз кесіп өту және әскерден қашуға итермелеу ісі бойынша кінәлі деп тапты. Ал Януковичтің бұрынғы күзет басшысы Константин Кобзарь 10 жылға сотталды.

Украина сотының мәліметінше, 2014 жылдың 23 ақпанында Янукович Кобзарьмен астыртын келісімге келіп, Украина шекарасын әуе жолымен заңсыз кесіп өткен, сондай-ақ елден президенттік күзет қызметкерлері мен өзінің жақын айналасындағы кемінде 20 адамды заңсыз шығаруды ұйымдастырған. Украина Бас прокуратурасының мәліметінше, Янукович күзет қызметкерлерін қашуға және Ресейге кетуге тікелей үгіттеген. Ведомствоның деректеріне сүйенсек, олардың бір бөлігі Ресейге кетіп, қызметіне қайта оралмаған.


Қырымды Ресейге беруге дайын: Трамп Зеленскиймен Ватиканда не туралы сөйлескенін айтты

Лавров Ресейдің Украинамен келісімге келуге дайын екенін мәлімдеді


Айта кетейік, бұл Украинада экс-президент Януковичке шыққан екінші үкім. 2019 жылы ол Украинаға қарсы "агрессиялық соғыс жүргізуге көмектескені" және мемлекетке опасыздық жасағаны үшін сырттай 13 жылға сотталған еді.

Еске салсақ, бұған дейін укриналық "Хочу жить" жобасы Ресей әскері қатарында Украинадағы соғысқа қатысқан қазақстандықтардың тізімін жариялаған еді. 

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 28 Сәуір, 2025 18:34
Талқылау