"Украинаның барлау агенттіктері кінәлі екені сөзсіз": Путин Қырымдағы жарылысты "террорлық шабуыл" деп атап, Украинаны айыптады
Ресей президенті Владимир Путин Украинаның барлау агенттіктерін 8 қазанда болған Қырым (Керчь) көпірінде жарылыс ұйымдастырды деп айыптады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі TAСС сайтына сілтеме жасап.
Ресей билігі Қырым көпіріндегі жарылысты маңызды азаматтық инфрақұрылымға қарсы бағытталған шабуыл деп санайды. Ол оқиғаның артында Украинаның барлау агенттіктері тұрғанын айтты.
"Бұл – Ресей Федерациясының маңызды азаматтық инфрақұрылымын жоюға бағытталған шабуыл. Бұл істі орындаушылар да, тапсырыс берушілер де – Украинаның арнайы қызметтері", - деді мемлекет басшысы Ресей Федерациясының тергеу комитетінің басшысы Александр Бастрыкинмен кездесуде.
Тергеу комитетінің басшысы мұны растап, Украинаның арнайы қызметтеріне Ресейлік сатқындар мен шет ел азаматтары көмектескенін айтты.
Қырым көпірінде болған оқиғаны тергеу үшін бір тәуліктен астам уақыт жұмыс істелді. Бастрыкиннің айтуынша, жарылысқа қатысты "терроризм" бабы бойынша қозғалған, ал ФСБ қызметкерлері жауаптыларды анықтаған.
Естеріңізге салсақ, 8 қазан Ресейдегі Қырым көпірінде жанармай цистернасының жарылғаны хабарланған еді.