Украиналық журналист Ким Кардашьянға шабуыл жасады (фото, видео)
Атышулы украиналық пранкер әрі журналист Виталий Седюк әйгілі Ким Кардашьянға тұра ұмтылып шабуыл жасады.
Бұл туралы TMZ хабарлайды.
Оқиға 28 қыркүйек күні Парижде болған. Ол жерде америкалық модель сән апталығына қатысу үшін келген болатын.
Кардашьян автокөліктен шыққан мезетте Седюк оған қарай жүгіріп барып, бөксесінен сүймек болған. Оқиға журналистер мен қалың нөпірдің көзінше орын алыпты. Алайда тележүргізушінің күзетшілері жағдайды дереу реттей алған. Олар бұзақыны ұстап алып, жерге құлатып, кейінірек қоршаудан да әрі асырып шығарып салған.
Бұл бірінші жағдай емес. Осыған дейін де бұл журналист Кардашьянға шабуыл жасап, реалити-шоу кезінде құлатпақшы болған.
Бірер күн бұрын Седюк супермодель Джиджи Хадидке де шабуыл жасаған. Алайда ару қыз журналисті шынтағымен ұрып тоқтатыпты.
Талқылау