Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украинаға енді Ұлыбритания қолдау білдіретін болды

Ұлыбритания Украинаға 2,26 миллиард фунт стерлинг (1 триллион 419 миллиард 99 миллон теңге) беретін болды. Келісімге Украинаның қаржы министрі Сергей Марченко мен Ұлыбритания қазынасының канцлері Рэйчел Ривз қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі RBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Peter Nicholls / Getty Images

Онлайн режимде өткен қол қою рәсіміне қазір Лондонда жүрген Украина президенті Владимир Зеленский мен Ұлыбритания премьер-министрі Кейр Стармер қатысты. 

"Несие жабылған ресейлік активтерден түсетін кіріс есебінен өтеледі. Қаржы 30 жылға беріледі. Жиналған қаражат украиндық тараптың қажеттілігіне сәйкес қорғаныс материалдарын сатып алуға жұмсалады", – делінген Украина Қаржы министрлігінің ресми мәлімдемесінде.



Ұлыбритания премьер-министрі Украина президентімен кездесуден кейін Дональд Трамппен, Франция президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті. Дегенмен әңгіменің мазмұны берілмеді.

Еске салсақ, бұған дейін Трамп пен Зеленский кездесу барысында сөзге келіп қалғаны айтылды. Кейіннен АҚШ Украинаға Ресеймен соғысу үшін қаржы бөлуді тоқтататынын хабарлаған еді. 

Талқылау