Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украинадағы Ан-26 апатынан аман қалған жалғыз адам оқиғаның қалай болғанын айтты

Харьков маңындағы Ан-26 апатынан аман қалған украиналық курсант Вячеслав Золочевский БАҚ-тан құлағанға дейін ұшақтан секіргені туралы ақпаратты жоққа шығарды. Ол ауруханаға келген Украина президенті Владимир Зеленскийге және Харьков облыстық әкімшілігінің басшысы Алексей Кучерге болған оқиға туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Украина президентінің сайтына сілтеме жасай отырып.

украина

Золочевскийдің жағдайы орташа ауыр деңгейде. Ол Зеленскийге бәрі аяқастынан орын алған соң, не болғанын бірден түсінбегенін айтты. Курсантпен сөйлескен Алексей Кучер айтуынша, "бәрі компьютерлік ойындағыдай болыпты".

"Көп сұрақ қойып мазасын алмадық. Тек қандай көмек көрсете алатынымызды сұрадық. Ол болған жайдың бәрін есіне түсіре алмады. Есін жоғалтып алған. Біздің түсінуімізше, курсант есін жиған соң, ұшақ сынықтарының астынан шығып, әріптесін оттан құтқарған. Ол ұшақта болған кезде аман қалды", - деді Кучер.

Золочевскийдің айтуынша, курсанттар мен экипаж таныс болған және бірге ұшқан.


Украина ІІМ басшысының орынбасары Антон Геращенко Facebook-те Ан-26 ұшағының соңғы секундтарын жариялады. Бейнебақылау Чугуев қаласындағы биік ғимараттардың біріне орнатылған екен.

Сондай-ақ, Ан-26 апаты кезінде Николаев облыстық кеңесінің депутаты Вадим Олабиннің ұлы, 20 жастағы Владимир Олабиннің қайтыс болғаны белгілі болды.

Еске салсақ, Украинада ұшақ құлап, 25 адам көз жұмды. Кейіннен белгілі болған ақпарттарға сәйкес қаза тапқандар саны 26 адамға артып, апат видеолары жарияланды. Орын алған қайғылы жағдайдан кейін Қазақстан президенті Тоқаев Зеленскийге көңіл айтты. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр