Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украинада соғыс басталғалы бері 7 мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тапқан - БҰҰ

Украинада соғыс басталғалы бері қаза тапқаны анықталған бейбіт тұрғын саны жеті мыңнан асты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғары комиссарының есебінде қаза тапқандардың саны бұданда көп болуы мүмкін екендігі айтылған. Адамдардың қазасы құжатпен расталған.

Баяндамада бұл құжатқа қатталып, қазасы расталған адамдар ғана, бірақ кескілескен шайқас болған аймақтарда (Мариуполь, Северодонецк, Лисичанск, Соледар мен Бахмут) өлгендер саны бұдан да көп болуы әбден мүмкін, ол жақтан соғыс кезінде толымды ақпарат алу мүмкін емес деп жазылған.



БҰҰ мәліметінше, 2022 жылдың 24 ақпаны мен 2023 жылдың 16 қаңтары аралығында Украинада 7031 бейбіт тұрғын қаза тапқан. Оның ішінде 433 бала бар. 11 327 бейбіт тұрғын жарақат алған. Оның 827-і балалар. Адам өлімінің 90 пайызы Украина бақылауындағы аймақтарда тіркелген.

Бұған дейін Ресей зымыраны түсіп, тұтас бір подъезі түгел қираған Украинаның Днепр қаласындағы тұрғын үйде болған жарылыстан қаза тапқандар саны 40 адамға жетті. Жарылыс салдарынан жараланған 75 адамның арасында 14 бала бар.

Талқылау