Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украинада Нұрсұлтан Назарбаевты күреске баулыған бапкер Қарағандыда болып қайтты

Украинадан келген қонақтар Қарағанды облысында өткен Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті күні мерекесіне қатысты.

Салтанатты шараларға Каменское (бұрыңғы Днепродзержинск) қаласының мэрі Андрей Белоусов және Нұрсұлтан Назарбаевтың грек-рим күресінен алғашқы бапкері Лев Ежевский келді.

Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Украиналық Днерпродзержинск қаласында 50 жылдардың соңында болашақ Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаев оқыған. №8 кәсіби-техникалық училищеде Елбасы металлург кәсібін меңгерген.

«Сол жылдардың өзінде Нұрсұлтан Әбішұлы өз қатарластарынан ерекшеленетін. Ол оқушылар арасында көшбасшы болды, училищенің басшылығымен кей мәселелерді шеше алатын. Кысқаша айтқанда ол үлкен беделге ие болатын, – дейді өзінің атақты шәкірті туралы Украина және Қазақстанның еңбек сіңірген бапкері Лев Ижевский Қарағандыда өткен «Біздің көшбасшы – біздің күшіміз» форумында сөз сөйлегенде. – Ол күреспен айналысуға келгенде 18 жаста болатын. Өте тиянақты, ұқыпты, ақылды болды. Дене шымырлығымен ерекшеленетін. Маған тек табиғат балуан қылып жаратқан оқушымды сәл шынықтыру ғана қалған».

Бапкер: «Егер Нұрсұлтан Әбішұлы күрес жолын қуғанда, олимпиада чемпионы болар еді», – дейді.

Салтанатты шара медиа-жоба форматында өтті. Оған жүздеген жастар, сондай-ақ Президенттің жақтастары қатысты. Тоғыз студенттік команда Елбасының өмірбаянын білу деңгейі бойынша зияткерлік викторинада жарысты.

Украинадан келген құрметті қонақтарды Қарағанды қаласының әкімі Нұрлан Әубәкіров қарсы алды. Кездесуге жергілікті күресші-спортшылар және бапкерлер, спорттық мекемелердің жетекшілері жиналды. Нұрлан Әубәкіров аймағымыздағы грек-рим күресінің қазіргі жағдайы мен алдағы әлеуеті жайлы айтып берді. Қонақтар да өз кезегінде спортты әйгілеуге бағытталған бұқаралық шараларды ұйымдастыру және өткізу бойынша тәжірибелерімен бөлісті.

Андрей Белоусов пен Лев Ежевский Теміртауда да болып қайтты. 2000 жылы Теміртау мен Днепродзержинск дос-қалалар болған. Қазіргі кездесуде қала басшылары серіктестік туралы қосымша келісімшартқа қол қойды.

Қонақтар Тұңғыш Президент Тарихи-мәдени орталығының экспозицияларын қарап шыққан соң, мерекелік концертті тамашалады.

Тағы да оқыңыз:

Қызылордалық мұғалім ағылшын тілін бомждан үйренген

Халықтың жа­­йын кім ойлайды: Журналист Жансейіт Түймебаевқа сауал жолдады

Маңғыстау облысында көлік апатынан 4 адам көз жұмды

Талқылау