Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейде ІТ компания көңіл көтеретін биші қызды жұмысқа алды

Ульянов қаласында ІТ компания қызметкерлердің көңілін көтеретін биші қызды жұмысқа алды. Биші қыз 25 жастағы Юля Тастимбекова осы жұмысқа тұрғанына еш қымсынбайды. Қайта жалақысы жоғары болғанына көңілі тоқ.

7b5310731_8400682

Сурет: @ Михаил Ковалев

«Мұндай жұмысқа таң қалатын ешнәрсе жоқ. Жалақысы да жоғары. Оның үстіне хабарландыру сайттарда емес, ЖОО-нң бірінде ілінген. Ешқандай интимді байланыс болмайды. Сондықтан күйеуім де бұған қарсы емес», – дейді бишінің өзі.

«Біздің компаниямызда көбіне ІТ маманының жігіттері қызмет етеді. Бұл әдіс олардың көңілін көтеріп, стрессті жағдайдың алдын алады деп ойлаймыз. Жұмысқа биші қызды алу туралы айтқанда олар бұл ойымызды құптай кетті», – дейді компания басшысы Руслан Мұхаметов.

Ол биші ер адамдардың көңілін көтеріп, оң нәтиже көрсететін болса, міндетті түрде әйел адамдар үшін де биші іздейтінін айтады.

Алайда, биші әр күн сайын емес, апта соңында әр жұма сайын өнер көрсетеді.

Юлия Тастимбекова биші ғана емес, екі баланың анасы. Сондай-ақ, сұлулық байқаулары мен фитнес-марафондардың бірнеше мәрте жеңімпазы.

Талқылау