Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Украина Ресей қойған шарттардан бас тартты: Сыртқы істер министрлерінің келіссөздері немен аяқталды

Бүгін Түркияның Анталья қаласында Ресей мен Украина сыртқы істер министрлері Сергей Лавров пен Дмитрий Кулеба келіссөз өткізді. Кулеба келіссөздерден кейін Украина барлығын бейбіт түрде шешкісі келетінін, бірақ әзірге ондай ұсыныстар айтылмағанын жеткізді. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

лавров коллаж

Екі ел арасындағы келіссөзге Түркия сыртқы істер министрі Мевлюта Чавушоглу де қатысты.

Бұл соғыс басталғалы бері Мәскеу мен Киев арасында жүргізілген жоғары деңгейдегі алғашқы келіссөз екенін айта кеткен жөн.

Дмитрий Кулеба Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен келіссөздер қорытындысы бойынша, егер шабуыл жасаушы ел қаламайтын болса, Киевтің соғысты тоқтата алмайтынын айтты.

Бұл туралы Кулеба келіссөздер қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында айтқан.

"Егер басқыншылық пен шабуыл жасаған елдің ынтасы болмаса, біз соғысты тоқтата алмаймыз", – деді Кулеба.



Ол келіссөздер барысында Ресей Федерациясының атысты тоқтатуды Ресей президенті Владимир Путиннің Украинаға қойған талаптарын орындаумен байланыстырғанын құлағы шалғанын айтты.

"Осы себепті Украинаның берілмегенін, берілмейтінін және берілу туралы ойы да жоқ екенін атап өткім келеді. Біз дипломатияға дайынбыз, дипломатиялық шешімдерді іздейміз, бірақ әзірге ондай келісімдер болмағандықтан, біз жанқиярлықпен, өзімізді құрбан ете отырып, жерімізді, халқымызды Ресей агрессиясынан қорғаймыз", – деді Дмитрий Кулеба.

Сонымен қатар Украина сыртқы істер министрі Мариуполь тұрғындарына гуманитарлық дәліз ұйымдастыру мәселесі де шешілмегенін қосып өтті.

Ақберен Амангелді
Бейсенбі, 10 Наурыз, 2022 16:15
Талқылау