Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазіргі үкіметтің соңғы отырысы: Министрлер қандай мәселелерді көтерді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 10 қаңтарда ҚР Парламент мәжілісінің жаңа депутаттарына үкіметтің жаңа құрамы таныстырылатынын айтқан болатын. Ал бүгін ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен үкіметтің соңғы отырысы өтті. Министрлер қазіргі үкіметтің соңғы мәжілісінде қандай мәселелерді көтерді? Stan.kz редакциясының материалынан оқи аласыздар. 

Қазақстанда ЖІӨ төмендеді - Дәленов

Үкімет отырысы кезінде бірқатар өзекті мәселелер талқыланып, министрлер есеп берді. 

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында еліміздің 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндады.

"2020 жылы рекордты 15,3 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 16,8%-ке жоғары", - деді Дәленов.

Өнеркәсіп бойынша мынадай серпін байқалады. 2020 жылы өңдеу өнеркәсібі озық өсу көрсетті. Өңдеудің өсу қарқыны 3,9%-ке дейін жеделдеді. Бұл ретте, ОПЕК+ келісімінің шеңберінде мұнай өндірісінің қысқаруы салдарынан кен өндіру өнеркәсібі 3,7%-ке төмендеді. Дәленовтің айтуынша, нәтижесінде, жалпы өнеркәсіптің нақты көлем индексі 99,3%-ті құрады.

"2020 жылғы 11 айда сыртқы сауда айналымы 77,7 млрд. долларды, оның ішінде экспорт 43,4 млрд. долларды құрады. Әлемнің 117 еліне Қазақстан тауарларының 3 183 дайын, өңделген түрлері (СЭҚТН 6 түрі бойынша) экспортталды. Импорт 34,4 млрд. долларды құрады. Осылайша, 9
млрд. доллар деңгейінде оң сауда балансы қамтамасыз етілді", - деді Ұлттық
экономика министрі Руслан Дәленов сейсенбі, 12 қаңтардағы Үкімет
отырысында.

2020 жылы өңдеу өнеркәсібі өсуді қамтамасыз етті 3,9%. Құрылыс көлемі 11,2% өсті, тұрғын үйді пайдалануға беру - 16,8% немесе шамамен 15,3 млн. шаршы метр Ауыл шаруашылығында 5,6% тұрақты өсім қамтамасыз етілді.

Қаржы министрі: Кірістер бойынша жоспар артығымен орындалды 

Алдын ала деректер бойынша 2020 жылдың қорытындылары бойынша мемлекеттік бюджеттің атқарылу көрсеткіштері туралы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтып берді. 

"Мемлекеттік бюджетке 9 трлн. 751 млрд.теңге сомасында кірістер түсті немесе жоспар  102,7%-ке атқарылды. Республикалық бюджетке 6 трлн. 561 млрд. теңге сомасында кірістер түсті немесе жоспар 100,3%-ке атқарылды.
Кірістер бойынша жоспар 22 млрд. теңгеге артығымен орындалды, оның ішінде салықтар - 16 млрд. теңгеге", - дейді министр. 



Салықтар бойынша негізгі асыра орындау сомасы корпоративтік табыс салығына, пайдалы қазбалар өндіруге салынатын салыққа және шикі мұнайға экспорттық кеден баждарына тиесілі.

"Жергілікті бюджеттердің кірістері 108%-ке атқарылды және 3 трлн. 191 млрд. теңгені құрады. Жалпы жоспар 236 млрд. теңгеге асыра орындалды. Оның ішінде салықтар бойынша - 213 млрд. теңгеге", - дейді Жамаубаев. 

Қазақстанда 2020 жылы мұнай өндірісінің көлемі азайды

Қазақстанда уран өндірісі 2020 жылдың соңында 19,5 мың тоннаны құрады, деді энергетика министрі Нұрлан Ноғаев.

"2020 жылға уран өндірісі 19,5 мың тоннаны құрады, бұл былтырғы жоспармен салыстырғанда 100%", - деді Ноғаев сейсенбідегі үкімет отырысында. 

Қазақстанда 2020 жылдың соңында мұнай мен конденсат өндірісі 85,7 млн ​​тоннаға жетті. Бұл туралы Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді.

"2020 жылдың соңына қарай мұнай мен конденсат өндірісі 85,7 млн ​​тоннаға жетті, бұл есепті жылдың жоспарының 100% құрайды", - деді ол.

Қазақстанда өткен жылы мұнай мен конденсат өндірісі 90,5 миллион тоннаны құрады. Осылайша, былтыр елде мұнай өндіру 2019 жылмен салыстырғанда 5,3% -ға төмендеді.

Елімізде өсімдік шаруашылығы дамып келеді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Үкімет отырысында агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2020 жылғы негізгі нәтижелері туралы баяндама жасады Ведомство басшысының айтуынша, өткен жылы да АӨК-де тұрақты өсім сақталды.

2020 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі бір жылда 5,6%-ға артып, 6,3 трлн. теңгені құрады. Негізгі өсім – өсімдік шаруашылығындағы өндіріс көлемінің 7,8%-ға, яғни 3,6 трлн. теңгеге дейін ұлғаюымен қамтамасыз етілді. 

2020 жылдың 12 айында ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар 15%-ға ұлғайып, 573,2 млрд. теңгені құрады. Азық-түлік өнімдері өндірісінің негізгі капиталына инвестициялар 13,5%-ға артып, 104 млрд теңгеге жетті.

"АӨК көрсеткіштерінің тұрақты өсуі негізінен фермерлердің үйлесімді жұмысының және Үкіметтің Covid-19 пандемиясы жағдайында егіс жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің кедергісіз қозғалысын, жанар-жағармай, қосалқы бөлшектер, тұқымдар, тыңайтқыштар мен өсімдіктерді қорғау құралдарын жедел жеткізуді қамтыған жұмыс алгоритмін уақтылы қабылдауының арқасында қамтамасыз етілді. Нәтижесінде егіс сапалы және оңтайлы аграрлық мерзімде жүргізілді", - деп атап өтті Омаров.

STAN.KZ
Сейсенбі, 12 Қаңтар, 2021 11:19
Талқылау