Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Үкімет пен Ұлттық банк инфляцияны 5-6% деңгейіне дейін төмендетпек

инфляция

Фото: istockphoto.com

Қазақстан билігі бағаны ұстап тұруға және экономиканы нығайтуға жаңа тәсілдерді ұсынды. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин үкімет президенттің тапсырмаларын қалай орындауға ниетті екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жұманғарин хабарлағандай, жақын арада тарифтік саясатқа тікелей байланысты инфляция деңгейін бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешені қайта қаралады.

"Ішкі нарықтың теңгерімділігін қамтамасыз етуге, оны өніммен толықтыруға және тауарлар ағынын болдырмауға баса назар аударылады. Инфляцияға қарсы саясаттың қосымша бастамаларының бірі инвестицияларға тапсырыс беру болады. Бұл нарықты отандық өніммен молықтыру үшін ұсақ өндірістерді көбейтуді қамтамасыз етеді. Сақталып отырған инфляциялық қысым жағдайында тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету аса маңызды ", – деп мәлімдеді министр.

Серік Жұманғарин қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша экономика өсімі 6,3% болғанын хабарлады. Енді осы қарқынды жыл соңына дейін ұстап тұру басым міндет болып белгіленген.

"Қазіргі өсу қарқынын жыл соңына дейін ұстап тұру – басым міндет. Бұл ретте үкімет пен Ұлттық банктің таяу болашақтағы мақсаты – инфляция деңгейін 5-6%-ға дейін төмендету. Инфляцияны мақсатты мәндерге дейін төмендету біздің ортақ міндетіміз. Бұл халық табысының тұрақтылығы мен бизнестің экономикаға деген сенімінің негізі ", – деді Жұманғарин.

Айнұр Мұхади
Сейсенбі, 09 Қыркүйек, 2025 10:55
Талқылау