Уимблдон-2025: Қазақстандық теннисшілер кіммен кездеседі?
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
Ұлыбритания астанасы Лондонда әйгілі Уимблдон турнирінің 2025 жылғы алғашқы айналымына арналған жеребе тарту рәсімі өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жеребе нәтижесінде Қазақстан намысын қорғайтын бес теннисшінің қарсыластары белгілі болды. Әйелдер арасындағы жарыста Қазақстанның басты үміті саналатын Елена Рыбакина алғашқы айналымда армениялық Элина Аванесянмен кездеседі. Еске сала кетейік, Рыбакина Уимблдонды 2022 жылы жеңіп алған болатын.
Сондай-ақ, ұлттық құраманың тәжірибелі ойыншысы Юлия Путинцева турнирді 13-ші болып тіркелген америкалық Аманда Анисимовамен өткізеді.
Ерлер арасындағы жарыста Александр Бубликке испаниялық Хауме Муньяр (ATP рейтингінде 54-орында) қарсылас ретінде түсіп отыр. Ал Александр Шевченконың алғашқы қарсыласы – рейтингте 72-орында тұрған АҚШ өкілі Рэйли Опелка.
Іріктеу кезеңінен өтіп, негізгі турнирге жолдама алған Бейбит Жұқаев үшін жарыс оңай басталмайды, ол әлемнің 24-ракеткасы саналатын италиялық Флавио Каболлимен ойнайды.

“Үш жерде жұмыс істесем де, отбасымды асырауға жетпеді”: Шотландияға кеткен отандасымыз Қазақстандағыдан 10 есе көп жалақы алатынын айтты
