Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Уханьдағы қытайлық медбике шын мәнінде қанша адам ауруға шалдыққанын айтып берді

Бүгінгі күні Қытайдағы коронавирустың жаңа түрінің жаппай таралуы бүкіл әлем жұртын дүрліктірді. Ресми мәліметтерге сәйкес, қазірдің өзінде арты өлімге әкелетін індетке шалдыққан 4515 адам тіркелген, оның 106 көз жұмған. Жақында ғана әлеуметтік желілерде аталған жағдайға байланысты тағы бір видео тарады. Бейнежазбада Ухань қаласындағы медбике қаладағы жағдай жайлы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

вирус

Арнайы қорғаныштық киімін киген бойжеткен 25 қаңтар күні ауруға шалдыққандардың саны 90 мыңға жетті дейді. Оған қоса қытайлық азаматша қалада бетперде бітіп қалғанын алға тартып, көмек сұраған. Дегенмен өз сөздеріне медбике еш дәлел келтірмеді. 

"Мен сіздерге бар шындықты айтып бергім келеді. Мен қазір аурудың орталығына айналған Ухань қаласындамын. Сіздерге Хубэй мен Қытайдағы жағдай жайлы айтып берейін. Қазірдің өзінде дертке шалдыққандардың саны 90 мыңға жетіп отыр. Біз биліктегілердің сөзіне мән бермейміз. Мен сіздерге әлеуметтік желі арқылы хабар беріп отырамын. Бетперде, көзілдірік пен киім жіберіңіздерші, өтінемін", - дейді медбике. 

Бұған дейін америкалық және британдық ғалымдар ауруға шалдыққандардың саны одан да көп болуы мүмкін екендігін өз зерттеулерінде көрсеткен болатын. Мамандар науқастарды анықтағанда қытайлық дәрігерлер артта қалуда деп айтқан. 

 

Талқылау