UFC үздік спортшылар рейтингін жаңартты
Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC
Абсолютті жекпе-жек ұйымы (UFC) соңғы өткізілген турнирдің нәтижелері бойынша үздіктер тізімін өзгертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Лас-Вегаста өткен аптада ұйымдастырылған жекпе-жек кешінің басты бәсекесінде америкалық Энтони Эрнандес грузиялық Роман Долидзені төртінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіп, орта салмақтағы (83,9 кг дейін) рейтингте бірден үш саты жоғарылап, жетінші орынға көтерілді. Ал Долидзе екі саты төмендеп, 11-орынға түсті.
Үздік ондықты америкалық Брендан Аллен толықтырды. Австралиялық Роберт Уиттакер мен америкалық Джаред Каннонир бір-бірден орын жоғалтып, тиісінше сегізінші және тоғызыншы сатыға жайғасты.
Қазақстандық спортшылардың көрсеткіштері өзгеріссіз қалды: Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақта (77,1 кг дейін) үшінші орында, ал Асу Алмабаев жеңіл салмақта (56,7 кг дейін) тоғызыншы сатыда тұр.
Pound-for-pound ерлер рейтингінде жеңіл салмақ чемпионы грузин Илия Топурия әлі де көш бастап келеді. Әйелдер арасында бұл тізімді жеңіл салмақтың қазіргі чемпионы, қырғызстандық Валентина Шевченко бастап тұр.

Джей Ло концертінде жұмыс істеген кәмелетке толмаған волонтерлер ұйымдастырушыларға шағымданды
