Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

UFC-дегі жалғыз қазақстандық қыз лигамен келісімшартын үзді

UFC-дегі үшінші жеңілісіне ұшыраған қазақстандық спортшы қыз тұжырым келісімшартын бұзды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: UFC

UFC-дегі жалғыз қазақстандық қыз Мария Агапова кезекті жеңілісінен кейін лигамен қош айтысты. UFC on ESPN 59 турнирінде бразилиялық Луана Сантостан (8-1) бірінші раундта қылқындыру әдісімен жеңіліп қалған отандасымыз UFC-ден ресми түрде шығарылды. Мариядан бөлек, қазақстандық Сергей Морозовты да лига шығарып тастады. Сергей Морозов (19-5) соңғы жекпе-жегін 2022 жылы желтоқсанда өткізген еді. 

Айта кетейік, Мария Агапова (10-5) 2020 жылдың маусым айында UFC-де дебютін өткізді. Қазақстандық спортшы лигадағы жетістігі 2 жеңіс пен 4 жеңілістен тұрады. Ол кейінгі үш жекпе-жегінде жеңіліп қалса, Сергей екі жекпе-жекте жеңіліп, үшеуінде жеңіске жеткен еді.

Даурен Түлкібай
Бейсенбі, 01 Тамыз, 2024 16:17
Талқылау