Уэльспен өтетін матч алдында Қазақстан құрамасы негізгі құрамдағы бірнеше футболшыларынан айырылды
Фото: KFF.KZ
2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Уэльспен өтетін матч алдында Қазақстан құрамасы футболшыларынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев әлем чемпионаты-2026 іріктеу кезеңінде Уэльс құрамасына қарсы өтетін ойын алдында кадрлық шығындар бар екенін мәлімдеді. Кездесу ертең, 4 қыркүйек күні сағат 19:00-де "Астана Аренада" өтеді.
Әлиевтің айтуынша, команда матчқа жақсы көңіл күймен және лайықты дайындықпен келді.
"Біз ойыншыларымыз ойнайтын барлық қалаларды араладық. Клуб басшылығына алғыс білдіремін — футболшылар фитнесте де, тактикада да өсті. Жиын жоғары деңгейде өтті, жігіттер үлкен шабытпен келді", — деді бас бапкер.
Сонымен қатар ол құрамдағы шығындарды атап өтті. Шеміршек жарақатына байланысты Еркін Тапалов матчқа қатыса алмайды. Ал Ислам Чесноковтың да денсаулығында мәселе бар, оған қатысты шешім Уэльс пен Бельгияға қарсы ойындарға байланысты қабылданады.
Бұған дейін осы жылдың басында командалар өзара кездескен болатын: ол кезде Уэльс 3:1 есебімен жеңіске жетті. Қазір Қазақстан құрамасының үш матчтан кейін үш ұпайы бар, ал Уэльс төрт ойында жеті ұпай жинаған.

Желіде тілі шықпаған баланы қой ішегімен қылқындырғандардың видеосы тарады: Логопед-дефектолог ырымның үлкен қаупін айтты
