УЕФА Конференциялар лигасының 2028 жылғы финалы Қазақстанда өтуі ықтимал
 Фото:Getty images
Фото:Getty images
Қазақстан 2028 жылы Конференциялар лигасының финалдық матчын өткізуге қызығушылық білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл турнирді ұйымдастыруға үміткер қалалар қатарында ел астанасы Астана мен Алматы бар.
УЕФА-ның баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2028 және 2029 жылдары өтетін негізгі клубтық жарыстар — Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы, Конференциялар лигасы және Әйелдер Чемпиондар лигасы финалдарын өткізуге 15 ұлттық қауымдастық өтініш берді.
Айта кетейік, қазіргі кезең тек қызығушылықты білдірумен шектеледі. Мемлекеттер өз ниеттерін көрсетіп отыр, ал толық өтінімдер мен инфрақұрылымға қатысты құжаттар 2026 жылғы 10 маусымға дейін тапсырылуы тиіс.
2028 жылғы Конференциялар лигасының финалына үміткер елдер мен қалалар:
      •    Франция: Лилль – “Пьер Моруа” стадионы
      •    Венгрия: Будапешт – “Пушкаш Арена”
      •    Италия: Турин – “Ювентус Стэдиум”
      •    Қазақстан: Астана – “Астана Арена” немесе Алматы – “Орталық стадион”
      •    Польша: Гданьск – “Арена Гданьск”
Айта кетейік, УЕФА Атқарушы комитеті финал ойындары өтетін қалаларды 2026 жылғы қыркүйекте жариялайды.
 
Үй алудың жаңа мүмкіндіктері: Алдағы уақытта қандай тұрғын үй бағдарламалары іске қосылады
 

