Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Саяси ұпай жинағысы келді: УЕФА Қазақстан футбол федерациясы президентінің әрекетіне наразылық білдірді

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы құпия ақпараттың тарап кетуіне байланысты Қазақстан футбол федерациясының президентіне наразылық білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ҚФФ

УЕФА Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұловтың УЕФА-ға мүше елдердің жартысынан көбі Ресей жастар құрамаларының халықаралық турнирлерге қайта оралуын жақтайтыны туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. 

"Топтық сессияларымыздың бірі саясаттың еуропалық футболға әсері, өзекті геосаяси тақырыптар мен ашық сұрақтарды талқылауға арналды. Біз біреудің өзіне саяси ұпай жинауға тырысып, орынсыз ғана емес, сонымен қатар жалған ақпарат жариялау арқылы бұл сенімге нұқсан келтіргені үшін көңіліміз қалғанын білдіреміз", – делінген УЕФА хабарламасында. 


"Ақтөбе ФК-ға 900 мың еуро бөлген": Спорт журналисі Барменқұлов басқаратын Қазақстан футбол федерациясының жұмысына күмән келтірді


Айта кетейік, Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов ресейлік спорт сайтына берген сұхбатында жақында өткен УЕФА отырысында Ресейді халықаралық аренаға – жастар мен жасөспірімдер арасындағы жарыстар деңгейіне қайтару ұсынылғанын айтқан.

Талқылау