Уақыттың кері ауысуына байланысты бірінші туған сәби сыңарынан кіші болып жазылды
Америкалық отбасы қысқы уақытқа ауысқан сағат айырмашылығы кезінде егіз сәбилі болды. Нәтижесінде бірінші болып дүние есігін ашқан нәресте, құжат бойынша өзінің бауырынан кіші болып жазылды.
Бұл туралы nat-geo.ru хабарлайды.
Европада сағат тілі қазан айының соңғы жексенбісінде кері қарай жылжиды. Ал АҚШ штаттарында қысқы уақытқа ауысу қарашаның алғашқы жексенбісінде (2016 жыл қарашасының 5-інен 6-сына қараған) түнгі сағат 2:00-де жүзеге асады. Осы түні Массачусетс штаты Уэст Барнстэйбл қаласы, Cape Cod перзентханасында 32 жастағы Эмили Питерсон егіз нәрестені дүниеге әкелуге дайындалып жатқан. Алғашқы сәбиі Сэмюэль 6 қараша түнгі сағат 01:39-да өмірге келеді.
Жарты сағат өткен соң оның ағасы Ронан өмірге келген. Бірақ, дәл осы сәтте сағат кері жылжып жатқан болатын. Нәтижесінде өзінің ағасынан кейін өмірге келген бала, құжат бойынша жасы үлкен болып жазылды: 01:10. Әйелді босандырған 40 жылдық тәжірибесі бар акушер мұндай жағдаймен алғаш рет кезігіп отырғанын айтып таңқалыпты.
Тіпті табиғаттың өзі Питерсондардың қайсы үлкен екені туралы соңына дейін шеше алмаған: ереже бойынша, екі егіз арасындағы салмақ айырмашылығы 200-300 грамды құрайды, алайда Сэмюэль мен Ронан арасында ол тіпті де байқалмайды. Бірінші болып өмірге келген сәбидің салмағы 2636 гр, ал оның ағасы 2664 гр болыпты.
Ата-анасы кейін де егіздер арасында жас мәселесіне байланысты дау туындамайды деп үміттенеді. Сонымен қатар, олардың қазір 2 жасар Обри атты қыздары бар.
Оқи отырыңыз:
«Кеш you» тобындағы Ақбота тұрмысқа шықты ма? (фото)
Танымал жұлдыздар видео-құттықтау арқылы қосымша табысқа кенелетін болды (фото, видео)
Төртеу және одан көп: Көп балалы қазақстандық танымал отбасылар (фото)
Әнші болмағанда кім болар еді: Сәдуақасова дзюдомен айналысқанын мойындады