Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал жұлдыздар видео-құттықтау арқылы қосымша табысқа кенелетін болды (фото, видео)

Танымал жұлдыздар тыңдармандарына құттықтау видеоларын жолдайтын болды. Ол үшін арнайы мобильді қосымшасы арқылы жанкүйерлер өзіне ұнайтын танымал өнер немесе спорт жұлдызына таңдау жасап, құттықтауға тапсырыс бере алады.

имбра

Жаңа қосымшаны кезінде мыңдаған тыңдарманның кумирі болған әнші Рахат Тұрлыханов ойлап тапты. Оның бастамасын алғашқылардың бірі болып Әли Оқапов пен Арман Қоңырбаев қолдай кетті. Олар өз парақшаларында аталмыш қосымшаға жарнама жасап та үлгерді.

Қос серіден бөлек Imbra қосымшасы арқылы табыс табуға өзге өнер және спорт майталмандары да келіскен ұқсайды. Тізімде Мәдина Сәдуақасова, Нұрлан Абдуллин, Карина Абдуллина, Жұбаныш Жексенұлы, Ділназ Ахмадиева, Нұрлан Қоянбаев, Тәуекел Мүсілім, бокс жұлдызы Серік Сәпиев пен т.б. танымал тұлғалар бар.

Жіберіп алмаңыз:

Төртеу және одан көп: Көп балалы қазақстандық танымал отбасылар (фото)

Олар көзтартарлықтай сұлу: 12 қазақстандық жұлдыздың жүктілік кезі

“Ninety one” тобы халық әнін орындап айды аспанға бір-ақ шығарды (видео)

Жанболаттың Жазирасы 30-дан асқан бойдақ тыңдармандарын табыстырмақ

Талқылау