“Уақытым жоқ”: “Барыстың” бас бапкері қазақ тіліне қатысты пікір білдірді

Фото:hcbarys.kz
Қазақстандық “Барыс” хоккей командасының бас бапкері Михаил Кравец қазақ тілін үйренудің қажеті шамалы екенін, себебі уақыты жоқ екенін ашып айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агентігі Sports.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
“Білесіз бе, бәрі орысша сөйлейді, кейде ағылшынша да жеткілікті... Уақытым жетпейді. Онда маған қытай тілін де үйренуге тура келер еді. Сондықтан орыс және ағылшын тілдері жеткілікті деп ойлаймын. Оның үстіне бәрі бәрін түсінеді”, – деп жауап берді Михаил Кравец.
Айта кетейік, Михаил Кравец осы жылдың тамыз айында “Барыстың” бұрыңғы бас бапкері Ғалым Мәмбеталиев қызметінен кеткеннен кейін орнына тағайындалған еді.
Михаил Кравец бапкерлік мансабын 2001 жылы бастаған. Ол бұған дейін Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) "Витязь", "Амур", “Авангард", "Куньлунь" командаларын жаттықтырған.
Ал Барыс хоккей клубы соңғы рет “Ак Барс” клубымен өткен ойында 3:4 есебімен есе жіберген.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

