Түркияда қазақстандық қыздардың құжаттарын тартып алып, секс-құлдыққа сатып келген
Түркияда Қазақстан және өзге де ТМД мемлекеттерінің қыздарын секс-құлдыққа сатып келген қылмыстық топ ұсталды. Қылмыстық топтың 16 мүшесі Айдын, Ялова және Бурса қалаларында жүргізілген арнайы операция кезінде тұтқындалды.
Бұл туралы Sputnik Әзірбайжанға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Түрік полицейлері 3 ай бұрын қылмыстық топ туралы кездейсоқ біліп қалған. Олар қылмыстық топтың «Құжатүстел» ныспысымен жүрген мүшесін бақылауға алған. Анықталғандай, қылмыскерлер Қазақстан, Әзірбайжан, Беларусия, Украина және Молдова мемлекеттерінің қыздарын Түркияға алдап шақырып, жоғары жалақы төленетін жұмыс ұсыныпты.
Қылмыстық топ мүшелері бір-бірімен араласқанда «жалға берілетін көлік», «туған күнге арналған торт», «жалғыз саяхаттау», «қызықты түндер» және т.б. тәрізді құпия сөздерді қолданған.
Олар мемлекетке келген қыздардан құжаттарын тартып алып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.
Іс тексерілгеннен кейін, қылмыстық топтың құрбандары үйлеріне жіберіледі.
Оқи отырыңыз:
Мұсылман әйелдер төстартқыш үшін әйгілі дүкенде ойран салды (видео)
Үндістанда сыйлық алғанына қуанған ер адам сахнада билеп тұрған жерінде қайтыс болып кетті (видео)
Қасқыр адамның досы: Жыртқышпен 12 жыл өмір сүрген азамат 50 жыл бойы адамдарға үйрене алмаған