"Тұтас ұлтты қорлау": Айнұр Тұрсынбава "инфосыған" сөзіне қарсы шықты
Белгілі айтыскер ақын, коуч-психолог Айнұр Тұрсынбаева өзін “инфосыған” дейтіндерге жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/aidyn_nury/
Өнер иесі желіде отырып сабақ сататындарға үндеу жасады.
“Қазір әлеуметтік желіде сабақ сатып жүрген адамдардың бәрін “инфосыған” дейтін болды. Бұл жерде сыған деген үлкен ұлт. Тұтас ұлтты қорлап жібердік. Сабақ сатудың әртүрлі жолдары бар. Әркім өзінің нәтижесіне қарауы керек. Мысалы, пирамидалардың ғұмыры неге қысқа?! Өйткені адамдар тез алданады. Одан кейін жабылып қалады. Өтірік дүниенің ғұмыры қысқа”, – деп түсіндірді айтыскер ақын.
-
"Қатерлі ісікке күдік бар": Айнұр Тұрсынбаеваның денсаулығы сыр берді
-
"Сені бай да, Құдай да алмайды": Айнұр Тұрсынбаева жүйесіз сөз айтатындарды сынады
Одан кейін қазақ қоғамына психология ғылымының ауадай қажет екенін айтты.
“Міржақып Дулатовты танымайтын қазақ жоқ. Психологияның негізін қалаған адам. Қазіргі қорқынышты ақпарат көп кезде қоғамға психология ілімі керек. Осы біздің арзан және тегін сабақтарымыз арқылы дүкен ашып, наубайхана ашып жатқан қыз-келіншек көп. Сабақ сатып жатыр деп көпке топырақ шашпай, солардың нәтижелеріне көп көңіл бөлу керек”, – деді коуч-психолог.
Еске салайық, бұған дейін депутаттар елдегі “инфосығандар” мен олар ұсынатын платформалардағы тексерісті күшейтуді талап еткен еді.