"Тұшпара пісіргісі келген". Алматыда газ жарылып, үй опырылды
Алматыда газдың жарылуынан жер үй опырылды. Төтенше жағдай болған кезде ғимарат ішінде ер адам болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме беріп.
Көршілері дереу төтенше жағдайлар қызметі мен жедел жәрдем шақырды. Зардап шеккен адам ауыр халде ауруханаға жеткізілді.
"Отқа қазанды қойғысы келген болуы керек, тұшпара пісіргісі келген, астын жаққан, содан кейін жарылған. Жақын арада балалар болмағаны жақсы болды. Кішкентай қызым ас үйде қарап отырғанды жақсы көреді. Оған не болар еді?", - дейді Евгений Пластинкин, зардап шеккеннің әкесі.
Қуатталып тұрған телефонның жанында жатқан жасөспірім өртеніп кетті
Дәрігерлер жәбірленушінің өмірі үшін күресуде. Оның беті мен денесін қатты күйік шалған.
Үйдің аман қалған бөлігін мамандар тексеріп үлгерген.
"Жеке тұрғын үйдің қабырғасының бір бөлігі құлаған. Жарылыстың себебі газ түтігінен газ оттығына дейін өтетін резеңке шлангтың зақымдануынан пайда болды. Қазіргі уақытта барлық материалдар жиналып, қосымша тергеу жүргізу үшін Медеу аудандық полиция бөліміне өткізілді, - дейді Алматы қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Марат Бекбаев.