Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қуатталып тұрған телефонның жанында жатқан жасөспірім өртеніп кетті

Жасөспірім қуат алып тұрған телефонның жанына жатып, өртеніп кетті. Ол телефонын қуаттағышқа қойып, ұйқтап қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі REN TV арнасына сілтеме жасап.

Калифорниялық 15 жасар Колтон Пингри телефонның қуаттағышының салдарынан өртке ранды.

Ол қуаттағышқа қосылған гаджетті жастыққа қойып, ұйықтап кеткен. Бірнеше сағаттан кейін Колтон өзінің күйіп жатқанын сезіп оянған. Күйіктен қатты ауырсынған ол иісті бірден аңғарыпты. 


"Айналама қарасам, екі көрпе мен жастық өртеніп жатыр, жарылыстың ауырлығы соншалық, мен төсектен еденге құлап түскем", - дейді ол. 

Жігіт жалынды жалаң қолмен сөндіруге тырысты, содан кейін бір бөтелке суды алып, пышақпен тесік жасап, төсектің үстіне су шаша бастады. Осыдан кейін Колтон жанып тұрған зарядтағышты алып, дәретханаға лақтырған. Артынша жасөспірім әкесін оятып, оқиға туралы айтып берді.

Колтонның қолы мен арқасы қатты күйіп қалған. Ол зарядтағыштың екінші қолданыстағы заттарды саатын интернет дүкеннен сатып алғанын айтты. 

Талқылау