Тұрсын Алагөзов “Қайрат” футбол клубына қомақты сыйлық табыс етті
Фото:Ашық дереккөзден
Елімізге танымал белгілі қазақстандық кәсіпкер Тұрсын Алагөзов Алматылық “Қайрат” футбол клубына су жаңа заманауи үлгідегі автобус сыйлады. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Кәсіпкердің жары Баян Алагөзова бұл ақпаратты растап, өзінің Instagram парақшасында жариялады.
“Көлік беремін деген еді, міне автобус сыйлады”, — деп жазды Баян Алагөзова.
Айта кетейік, Тұрсын Алагөзов бұған дейін “Реал” мен “Қайраттың” ойынының алдында күтпеген мәлімдеме жасап, көпшілік жанкүйердің талқысына түскен еді.
Ол әлеуметтік желіде үндеу жасап “Қайрат”, “Реал Мадридті” жеңсе алаңға шыққан әр футболшыға жеке көлік сыйлаймын деп айтқан.
“Алматы күні – әрқайсымыз үшін ерекше мереке. Мен де барша қазақстандық патриоттар секілді сүйікті шаһарымыздың туған күнін атап өтудемін. Ал дәл он күннен кейін еліміздің басты мақтанышы – “Қайрат”әлемнің ең мықты клубтарының бірі “Реал Мадридпен” жасыл алаңға шығады. Елімнің азаматы ретінде әрі туған күнімнің қарсаңында мен мынадай уәде бергім келеді: егер “Қайрат” жеңіске жетсе, алаңға шыққан әрбір ойыншыға автокөлік сыйлаймын. Алматы – әлемнің астанасы, “Қайрат” – чемпион!” – деді кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов.
Тұрсын Алагөзовтің бұл әрекеті отандық спортты қолдау бағытындағы ірі қадамдардың бірі ретінде бағалануда.
Естеріңізге сала кетейік, 30 қыркүйек “Қайрат” Алматыда “Реал Мадридтке” қарсы матч өткізді. Ойынның қорытындысы бойынша “Реал”, “Қайратты” 5:0 есебімен жеңіп, чемпиондар лигасының кестесінде 2-орынға жайғасты.

"Неге сонша нақұрыс болдыңдар": Желіде қазақтарды "құлдар" деп қорлаған әйелге шағым түсті
