"Тұрмысқа шыққанда киемін": Трансгендер Никонет қалыңдық көйлегін көрсетті
Фото: https://www.instagram.com/niko_nett/
Танымал трансгендер, блогер Никонет қалыңдық көйлегін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желі жұлдызы тұрмысқа шыққысы келіп жүргенін жасырмады.
“Тұрмысқа шығып жатсам, осындай ақ көйлек киемін. Қалыңдық көйлегін киюді барлық қыз армандайды”, – деп жазды блогер.
Желі қолданушылары трансгендердің жеке өмірін қызу талқыға салды.
“Әп-әдемі қалыңдық болады екенсің”, “Кез келген қыздан сұлу болып тұрсың”, “Бала туа алмайсың, күйеуге шықпай-ақ қой”, “Мынаның еркек болғанын ұмытып кететіндер бар ма?!”, “Амилайдан гөрі сұлусың”, “Құдайдың жасағанына қарсы шыққан адам бақытты болады деп ойламаймын”, – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, Трансгендер-блогер Никонет өзіне министрдің ғашық болғанын жайып салған еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген