Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тұрмысқа шығып кеткен": Ақтөбеде ер адам 24 жыл бұрын жоғалтқан анасын тапты

1998 жылы Ақтөбе қаласынан тауар әкелуге кеткен Қажымұқан Тлепиевтің анасы содан қайта оралмаған. Ер адам 24 жыл бұрын жоғалып кеткен анасының мазарын тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл оқиғаға байланысты сол кезде әкесі жергілікті полицияға шағымданғанымен, іздеу шаралары нәтиже бермеген. Ал арада 24 жыл өткен соң, Қажымұқанның анасы Шымкент қаласындағы қорымда жерленгені белгілі болды. Қажымұқан алдымен Қазақстан бойынша орталық база арқылы анасының тіркелген мекенжайын тапқан. Содан Шымкент қаласы полиция департаменті Абай АПБ-ның учаскелік инспекторы, полиция капитаны Уркимбаев Абдумаликпен байланысқа шығып, анасын іздеуге көмек сұрапты. Көрсетілген мекенжай бойынша іздеу жұмыстарын жүргізген полиция қызметкері Қажымұқанмен хабарласып, анасы туралы барлық ақпаратты тапқанын жеткізген. 



"14 сәуірде Шымкентке келген Қажымұқанды учаскелік полиция қызметкері А. Уркимбаев күтіп алып, анасының мазарына алып барды. Анасы Шымкентке келіп отбасын құрған, бірақ 2014 жылдың 11 сәуірінде қайтыс болған. Ол анасын табуға көмектескен полиция қызметкеріне шексіз алғысын білдірді", – делінген Шымкент қаласы полиция департаменті таратқан баспасөз хабарламасында. 

Айта кетейік, Қажымұқан Тлепиев анасынан 16 жасында көз жазып қалған. Қазір екі қарындасы мен екі інісі бар.

Талқылау