Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" атауы өзгерді

"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамы ("Бәйтерек" холдингінің еншілес ұйымы) өзінің ресми атауын "Отбасы банк" деп өзгертті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"2020 жылдың 20 желтоқсанында "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" акционерлік қоғамын "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкi" акционерлiк қоғамына қайта тіркеу жүргізілді", - делінген банктің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Бүгіннен бастап банктің толық атауы:

- мемлекеттік тілде: "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкi" акционерлiк қоғамы;

- орыс тілінде: акционерное общество "Жилищный строительный сберегательный банк "Отбасы банк";

- ағылшын тілінде: joint stock company "Otbasy bank» house construction savings bank".

қысқаша атауы:

- мемлекеттік тілде: "Отбасы банк" АҚ;

- орыс тілінде: АО "Отбасы банк";

- ағылшын тілінде: JSC "Otbasy bank".

Банктің жалғыз акционері болып - акциялардың мемлекеттік пакетін иеленуге және пайдалануға 100% құқығы бар "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ қала бермек. Банктің заңды тұлға ретіндегі ресми атауы ғана өзгертіледі.

"Бүгіннен бастап "Отбасы банк" деп аталатын бұрынғы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын банк ретінде қала бермек. Сондай-ақ қаржы құрылымы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларының операторы міндетіндегі қызметін де өзгертпейді", - деп хабарлады банкте. 

Банк атауындағы өзгерістер клиенттерге қалай әсер етеді

2021 жылы "Отбасы банк" тұрғын үйді тіркеу, есепке алу, үлестіру жұмыстарын бір орталықтан жүзеге асыратын толыққанды даму және қолдау институтына айналады. Ал бұл міндеттерді іске асыру үшін кезекке қою жүйесін әкімдіктерден "Отбасы банк" тұрғын үй құрылыс жинақ банкiне" тапсырып, тұрғын үйге мұқтаж барлық азаматтар үшін "бір терезе" қағидаты бойынша жұмыс істейтін "Баспанамен қамтамасыз ету орталығын"құру жоспарланған.

Бұл жағдайда тұрғындарымызға баспанаға мұқтаж екенін растау үшін бірнеше мекемеге жүгініп, кезекте тұрып, ізінше несие алу үшін Банкке келіп әуре-сарсаңға салынбай, мәселесін бір орталықтан шешу мүмкіндігі туады.

"Банк 1,7 миллионнан астам салымшы мен 181 мыңға жуық займ алушыларға қызмет көрсетуін жалғастыра отырып, тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі шеңберіндегі өзінің негізгі қызметін үзбейді"- деді "Отбасы банк" басқарма төрағасы Ляззат Ибрагимова.

Айта кетейік, бүгінде банктің депозиттік портфелі 976 млрд теңгеге тең. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 1 трлн теңгеге дейін жетеді деп жоспарлануда.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 21 Желтоқсан, 2020 17:54
Талқылау