Тұрғымбаевтың отставкаға кеткені рас па? Ішкі істер министрлігі түсініктеме жасады
Бұған дейін әлеуметтік желі қолданушылары арасында ҚР ішкі істер министрі Ералы Тұрғымбаевтың отставкаға кеткені туралы ақпарат тараған болатын. Бұл ақпаратқа қатысты министрлік жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
"Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кеткені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", - делінген мәлімдемеде.
Министрліктің жауабына сәйкес, Тұрғымбаев қалыпты жағдайда жұмыс істеп жатыр.
- Назарбаевтың экс-кеңесшісі: Тәртіпсіздіктер кезінде Тоқаевқа тек ішкі істер министрі адалдық танытқан
- "Қаңтар – қазақтың қасіреті": Алматыда өткен еске алу митингінің соңы немен аяқталды?
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілер мен Telegram арналарында қазіргі ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың қызметінен босатылатыны туралы ақпарат тараған еді. Кейбір Telegram арналарда оның орнына ҰҚК төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков тағайындалады деген болжам да айтылған.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн