Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаевтың экс-кеңесшісі: Тәртіпсіздіктер кезінде Тоқаевқа тек ішкі істер министрі адалдық танытқан

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүлік кезінде 20 мың лаңкес шабуылдағаны туралы мәліметті қайдан алғанын айтты, деп хабарлайды, Stan.kz ақпарат агенттігі.

 Ермұхамет Ертісбаев

Ертісбаев содырлардың бірнеше жоспары болғандығын айтады. Солардың бірі – президент Қасым-Жомарт Тоқаевты қорқыту. Бұл туралы ол “Бажкеноваға жауап” бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

“Содырлар президентке қысым көрсетсек ол елден қашып кетеді деп ойлады. Сол себептен түрлі әрекеттерге барды. Ұстау операциясы жүргізілген 20 мың террорист туралы мәліметті президентке ҰҚК бұрынғы басшылығы берген болатын. Сонымен қатар Елордада бірнеше содырлардың бары және олардың Ақордаға шабуыл жасауды жоспарлағаны туралы көптеген ақпараттар таратылған. Президент түрлі анықталмаған ақпараттардың ортасында қалды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа күш құрылымдары толық опасыздық жасаған”, – деді Ертісбаев.

Саясаттанушының айтуынша сол кезде Тоқаевты қолдаған ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев болды және кейін ол өз орнын сақтап қалды.

“Бұл бұзақылық қашан басталды? ҰҚК қызметкерлері, ішкі істер министрлігі, арнайы қызмет, ішкі әскер, қайда болды? Олар алаңда халықпен бірге болып, қажетті шараларды жасауы керек еді. ҰҚК болса толығымен жойылды”,-деді Ертісбаев.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар айындағы тәртіпсіздіктер кезінде лаңкестік топтардың ұйымдаса, дайындықпен әрекет еткенін жеткізген болатын. Алматыдағы теракт әрекетінің алты толқыны болып, 20 мың адам қатысқанын айтты. 

Талқылау