Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұңғыш Президент қорының атқарушы директоры тағайындалды

Қанат Жұмабаев Тұңғыш Президент қорының атқарушы директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

 Тұңғыш Президент қорының атқарушы директоры тағайындалды

«Жұмабаев Қанат Несіпбайұлы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының қорының атқарушы директоры болып тағайындалды», - деді елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында.

Бұған дейін бұл қызметті Әсет Исекешев атқарған. 16 қаңтарда Исекеше Президенттің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды.

Қанат Жұмабаев 1965 жылы туған. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің түлегі. КСРО Сыртқы істер министрлігі Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының сыртқы экономикалық қызметі үшін мамандар даярлау мектебін бітірген.

Бұған дейін ол «ҚазАстықТранс» ЖШС-нің Президент Әкімшілігінде, 2014 жылдан бастап «Алатау» ҰБХ» АҚ-ның президенті болып жұмыс істеген. 2016 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың 25 наурызына дейін Тұңғыш Президент Қоры -«Елбасы» атқарушы директоры қызметін атқарған. Кейінірек қордың атқарушы директорының бірінші орынбасары болды.

Талқылау