Тыңдармандары Қайрат Нұртастың жолын бөгеп, көпке дейін жібермей қойды (видео)
Тыңдармандары Қайрат Нұртаспен суретке түсу мақсатында оның көлігінің жолын бөгеп, біразға дейін жібермей тұрды.
Фото: instagram.com/kair_n/?hl=ru
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
“Көп адаммен суретке түссе де, олардың барлығының көңілін қалдырмау мүмкін емес. Бір жағынан өзі де тойға асығып барады. Мұны тыңдармандары іштей түсіне жатар. Себебі, Қайрат оларды түсініп тұр. Ары қарай жұмыстары бар, телефонына да тыным жоқ”, – дейді Гүлзира Айдарбекова.
Желі қолданушылары әншіге шығармашылық табыс тілеп, оның амандығы үшін дұға ететіндіктерін жеткізді. Мұнымен қатар, Қайраттың қолын алуға асыққан қыздың қылығы жұрттың назарына ілікті. Олар өз кезектерінде жағымсыз пікір білдіріп, мұны жабайылыққа балады.
“Ауылдан шыққан қыздар екені көрініп тұр. Қайраттың қолын ұстағанда тұрған не бар”, “Масқара, мына қыздарға не болды?! Қайраттың қолын ұстады, енді мүлдем қолын жумай жүретін шығар. Ұят”, “Қазақ қыздары адамға табынуды қашан қояды екен” дейді желі қолданушылары.
Жіберіп алмаңыз:
Қайрат Нұртас Астанадан мектеп ашқалы жатыр
Қайрат Нұртастың бейнебаянына түскен жігіт Айсұлу Әзімбаеваға сезімін білдірді
Меруерт Түсіпбаева: Қайрат Нұртас киімін тегін берсе де кимеймін (видео)