Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тыңдармандары Алмас Кішкенбаев қыздарының ұқсастығына қайран қалды

Алмас Кішкенбаев қыздарының ұқсастығы тыңдармандарын таң қалдырды.

1

Фото: instagram.com/kishkenbayev/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Көп қыздың жүрегін жаулаған Алмас Кішкенбаевтың бүгінде асыл жары мен екі қызы бар. Жуырда ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына екі қызының кішкентай кезіндегі суретін салды. Дәл қазір бір-біріне ұқсамаса да, бала күнінде егіздің сыңарындай болған екен.

Ал Алмас өзінің сүйіктісі Мөлдірмен алматылық банк бөлімшелерінің бірінде жолыққан. Телефонын сол күні алса да, тек бір ай өткен соң қоңырай шалған екен. Жарты жылдай екеуі дос ретінде араласқан. Артынша қыз-жігіт болып жүріп, Мөлдір әншіні тыңдармандарынан қатты қызғанған екен. Сөйтіп жүріп Алмас Жаңа жыл қарсаңында сүйіктісіне тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасайды.

Бүгінде қос ғашықтың Зере мен Кәлима есімді қыздары бар. Бірнеше күн бұрын әнші Зеренің кішкентай кезіндегі және Кәлиманың қазіргі 10 айлық суретін көрсетті. Желі қолданушылары қыздардың кішкентай кездерінің бір-біріне қатты ұқсайтынын байқап қайран қалды.

Олар “Тіл-көзден аман болсын! Өзіңнен аумайды!”, “Сүйкімді сондай”, “Бақытты болсын”, “Жаратқан ұзақ ғұмыр беріп, жемісін жегізсін” сынды пікірлер білдірген. Мұнымен қатар, “Екеуі егіз бе еді?” деп сұрақ қойғандар да табылды.


Жіберіп алмаңыз:

Алмас Кішкенбаев кезекті туындысын сүйіктісіне арнады (видео)

Алмас Кішкенбаев даяшы болып жұмыс істеді (фото)

Балаларына ерекше есім сыйлаған қазақстандық жұлдыздар

Телеарналардан түспейтін “Вездеходтар” мәнсіз сөзбен халықты шаршатты деп сыналды

Талқылау