Тұмаудың алдын алуға көмектесетін диета түрі анықталды
Американдық ғалымдар майды көп қабылдауға негізделген кетодиета тұмаудың алдын алуға көмектесетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мамандар зерттеулерін кеміргіштерге жүргізіпті. Бір апта бойы олар бір топ тышқанды құрамында майы көп өнімдермен, ал екінші топты көмірсуларға бай тағамдармен қоректендірген. Нәтижесінде, майлы өнімдерді көп тұтынған тышқандар тобы тұмау вирустарын тез жеңіпті.
«Егер біз бұл зерттеу қорытындысын адамдарға деген әсерін анықтай алсақ, алдағы уақытты тұмауды жеңіп шығуға да болады», деді Йель университетінің профессоры Акико Ивасаки.
Сонымен қатар зерттеушілер май диетасы иммундық жүйенің белсенділігін арттырып, тұмау вирусын жеңуге септігін тигізетіндігін айтты.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"