Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұмау туралы қызықты 10 мәлімет

Тұмаудың вирусы ең кең таралған және бір мезгілде белгісіз вирустардың бірі. Тұмауға қарсы вакцинаның қайсысы жақсы көмектеседі? Алған жалақыңыз тұмаумен ауырып қалу ықтималдығына қалай әсер етеді? Тұмау кезінде қандай препараттарды қолдануға болмайды? Stan.kz осы және тұмау туралы басқа да қызықты мәліметтер жөнінде әңгімелейді.

Тұмау туралы қызықты 10 мәлімет

  1. Тұмау кезінде температура міндетті түрде көтеріледі. Тұмаудың ерекше белгісі – температура. Ал аурудың алғашқы сағаттарында дене температурасы 38,5-39 ° С-қа дейін көтеріледі. Егер сізде дене қызуы дәл осылай көтерілмесе, онда ол басқа вирустың салдарынан туындаған инфекция болып табылады.
  2. Тұмау кезінде суық тию (белгілері) болмайды. Аурудың алғашқы күндерінде мұрын жиі бітеледі. Бұл ағзаның улануына және вирус жұқтырған тіндердің ісінуіне байланысты болады, бірақ ондай кезде мұрын боғы ақпайды. Тек 3-4 күн кәдімгі суық тию болуы мүмкін. Ал, ол вирус емес, ағзаның уақытша әлсіздігін пайдаланып қалған бактериялардан болады.
  3. Түшкіру және жөтелу кезінде тұмау вирусы сілекей бөлшектерімен бірге сағатына 16 шақырым жылдамдықпен тарайды.
  4. Тұмаудың вирусын жансыздандыруға болады, және бұл оған зиян келтірмейді. Нөлдік температура кезінде вирус бір айға дейін сақталады. Сондықтан бұл аурумен жылымық кезінде көп ауырады. Дегенмен, қарапайым сабын тұмау вирусын өлтіріп, сондай-ақ құрғатып жіберуге қабілетті.
    Тұмауды қалай жылдам емдеуге болады >>>
  5. Жалақыны қолма-қол ақшалай алған немесе пластикалық карточкамен алған жағдайда, тұмау жұқтырып алуыңыз мүмкін. Ғалымдар банкноттардың індет ұясы екенін анықтады. Себебі, тұмау қағаз ақшада 2 аптадан астам уақыт бойы сақталып қалады. Сондықтан, кейбір елдерде банкноттар антисептикалық қасиеті бар қағазда басып шығарылады, ал Жапонияда ақшаны 200 градус температурада арнайы кір жуғыш машинада жуады.
  6. Емшектегі сәби үшін тұмауға қарсы ең жақсы вакцина – ол анасының сүті. Егер әйел тұмауратып қалса, нәрестені емізбеуге болмайды. Себебі, баланы тамақтандыру кезінде ананың сүтінен сәбиге антиденелер жіберіледі. Сондықтан, бала ешқашан анасынан тұмау жұқтырмайды.
  7. Температураны түсіретін таблеткалар тұмаудың бүкіл ағзаға таралуына көмектеседі. Өйткені, қалыпты немесе сәл жоғары дене температурасы вирус үшін нағыз қолайлы жағдай болып табылады. Егер ересектердің температурасы 39 ° C-тан жоғары, балалардікі 38,5 ° C болға ғана жағдайды жақтарту үшін ыстықты түсіретін дәрі қабылдауға болады.
  8. Аспиринді тұмау кезінде, әсіресе балалар тұмауратқанда берсе өліп кетуі мүмкін. Өйткені, аспириннің және басқа да дәрілік құралдардың құрамына қосылатын ацетилсалицил қышқылы мен вирустық инфекциялар араласқанда Рея сидромы деген өте қауіпті ауру дамиды.
  9. Бактериологиялық қарудың ең жақсы инкубаторы – үй шошқасы. Бұл жануар шошқа, құс, сондай-ақ адамдар ауыратын тұмаудың барлық түрімен ауырады. Егер мұндай инкубаторға бірнеше түрлі вирустар түсетін болса, олар мутациялану белгілерімен алмасып алады. Нәтижесінде, адам өліміне әкелетін құс тұмауы бір адамнан екіншісіне жұғып, жұқпалы болуы мүмкін.
  10. Тұмау эпидемиясын ғаламтор болжайды. Соңғы жылдары ғаламтор күнделікті өмірге қатты кіріп алғаны сонша, биолог-ғалымдар мен дәрігерлер алда келе жатқан тұмау эпидемиясы мен оның таралу жылдамдығын ғаламтор пайдаланушыларының тұмауға қатысты сұраныстары бойынша болжай бастады.

 

Талқылау