Тұман мен бұрқасын: Нұр-Сұлтанда ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті 5 сәуір күні шаһарда қалың тұман түсіп, көктайғақ болатынын ескертеді.
"Қазгидромет" мәліметінше, циклон солтүстік-шығысқа ығысып, ел аумағының басым бөлігіне ықпалын тигізеді. Кей жерлерде жауын-шашын жауады. Солтүстік-батыста – жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл соғады, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста найзағай жарқылдайды.
Талқылау
Пікір
Çàãðóçêà...