"Тұлпарымды қашан бересің?": Қайрат Нұртас 8 жыл бұрынғы уәдесін әлі орындамаған
Фото: Видеодан скриншот
Танымал әнші Қайрат Нұртас Ташкентке гастрольдік сапарымен барып, концерт кезінде ыңғайсыз жағдайға тап болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесінің кешіне бірде-бір концертін қалдырмайтын егде жастағы ер кісі сыйлығын табыстап, әншіден қарызын сұрады.
"Мен сенің концерттеріңе 10 жылдан бері бала-шағаммен барып жүрмін. Сол концерттеріңе билет сатып, миллионер болып кеттім ғой, Қайрат. Мынау медальдар – менің балалаларымның аманаты. “Қайратқа өз қолыңызбен табыстаңыз” деді. Балаларың әлем чемпионы болсын. Менің балаларым әлем чемпионы болған кезде үлкен той жасап, сені, Төреғалиды, Нұрлан Өнербаевты шақырамын", – деді ақсақал.
-
"Жұлдызбен неге бармайды?!": Қайрат Нұртас анасымен бірге шетелге демалысқа кетті
-
"Гүл мен сыйлық қайда?!": Қайрат Нұртас жұбайын туған күнімен құттықтады
Сондай-ақ, ол өнер иесіне 104 жасқа келіп өмірден өткен әжесінің жайнамазын табыстап, сол кісінің жасына жетуін тіледі. 8 жыл бұрын берген уәдесін де есіне салды.
"2017 жылы концерт бергеніңде үлкен концерт залында сен белдік тағуды ұмытып кетіп, шыққан едің. Сол кезде мен өзімнің белдігімді шешіп беріп едім. Сол кезде маған ризашылығыңды білдіріп, бір тұлпар атағансың. Сол тұлпарды қашан бересің?", – деп әншіні ыңғайсыз жағдайға қалдырды.

"Университетте тегін оқып, әлеуметтік көмек ала алады": Грин карта арқылы АҚШ-қа көшіп кеткен қазақстандық жұптар оқиғаларын айтып берді
