Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тянь-Шань тауларының үш шыңы Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің құрметіне аталатын болды

Қазақстанның оңтүстігіндегі «Сайрам-Өгем» ұлттық паркіндегі Рощин, Кергелы-Узловая және Студенттер шыңдарының атауы өзгертілетін болды.

Тянь-Шань тауларының үш биік шыңы Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің құрметіне аталатын болды

Бұл туралы  Stan.kz хабарлайды.

Тау шыңдарына қазақтың әйгілі Төле, Қазыбек, Әйтеке билерінің есімдері беріледі. Қазақстанның Түркістан, Қарағанды және Ақтөбе облыстарынан 30 альпинист тау шыңдарын бағындыруға аттанды. Шыңдарды бағындыру үш күнге созылады және 12 тамызда өз мәресіне жететін болады. Альпинистер аталған тау шыңдарына жаңа атауы жазылған тақта орнатпақ.

Төле би келінін қалай таңдаған >>>

Альпинистер тауға шығар алдында, оларға әйгілі билердің ұрпақтары бата берді.

12 тамызда Шымкентте аталған жағдайдың құрметіне үлкен мерекелік шара ұйымдастырылып, ұлттық ойындар ойналып, артистер өнер көрсетіп, өңірге экскурсия жасалады.

 

Талқылау