Twitter негізін қалаушы жаңа оффлайн мессенджерін таныстырды
Фото: x.com/cryptonator1337
Block бас директоры және Twitter негізін қалаушы Джек Дорси Bluetooth торымен жұмыс істейтін жаңа орталықтандырылмаған хабар алмасу платформасы Bitchat-ты ашты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Дорси X желісіндегі парақшасында қолданбаның бета-нұсқасында жұмыс істеу кезінде соңғы бірнеше күнде "Bluetooth тор желілері, релелер (түйіндер), сақтау және қайта жіберу үлгілері, шифрлау туралы" білім алғанын айтты.
Қолданба Bluetooth төмен энергиясымен (BLE) жұмыс істейді. Бұл интернет қосылымынсыз шифрланған байланысты қамтамасыз етеді. Ресми құжатқа сәйкес, платформа "интернет-инфрақұрылымына тәуелді болмайды. Ол желідегі ақаулар мен цензураға төзімді, уақытша, шифрланған байланысты қамтамасыз етеді".
Bitchat толығымен орталықсыздандырылған. Ол тіркелгілерді, телефон нөмірлерін немесе орталық серверлерді қажет етпейді. Хабарлар құрылғыларда уақытша сақталады және олар шифрлау арқылы қорғалады.
Жүйе қажет болған жағдайда хэштегтер мен құпия сөздерді пайдаланатын чаттарды қолдайды. Әрбір құрылғы жіберуші де, реле ретінде де әрекет етеді. Бұл хабарламалардың Bluetooth арқылы 30 метрге дейінгі радиуста бір пайдаланушыдан екіншісіне өтуге мүмкіндік береді.
Дорсидің айтуынша, "Bitchat адамдар жиналатын кез келген жерде, интернеттің қолжетімділігіне қарамастан, сенімді қосылымды қамтамасыз етеді". Бұл оны қосылу мүмкіндігі шектеулі аймақтарда әсіресе пайдалы етеді.
Дорси 2019 жылы орталықтандырылмаған Bluesky әлеуметтік желісін құрды. Бірақ 2024 жылдың мамырында директорлар кеңесінен кетті.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
