Твумаси мен Кабананга «Астанамен» келісімшарттарын ұзартты
«Астана» командасының шабуылшылары Патрик Твумаси мен Жуниор Кабананга «Легияға» қарсы кездесу қарсаңында елордалық командамен еңбек келісімшартын тағы да екі жылға ұзартты.
Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.
“Мен «Астана» командасымен бірге үш жыл қатарынан Қазақстан чемпионы атанып, Кубокта және Суперкубокта жеңімпаз атанғанымды мақтан тұтамын. Алайда біз өзіміздің шынайы деңгейімізді тек Еуропада ғана тексере аламыз. Осы орайда «Астана» соңғы жылдарда Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетіп, өзінің мықтылығын дәлелдеп келеді. Менің арманым Гана ұлттық құрамасы сапында өнер көрсету және сол арманыма «Астана» командасы сапында ойнау арқылы қол жеткізе алатыныма сенімдімін. Мен клубымызды, командаластарымды, бапкерлерді, қаламызды өте жақсы көремін. Сол үшін де «Астана» сапында ары қарай ойнауды жалғастырғым келеді. Маған барлық уақытта қолдау білдіріп жүретін клуб фанаттарына ерекше алғыс айтамын”, – дейді Патрик Твумаси.
Өз кезегінде астаналық клубтың конголық шабуылшысы да жаңа келісім-шартқа қатысты пікірін білдірді.
“Мен «Астана» сапында ойнайтыным үшін қуаныштымын және осы жерде қазақ халқының маған деген қолдауын анық сезінемін. Әр ойын сайын жанкүйерлер мен фанаттар менің есімімді қайталап, айғайлаған сәтте көзіме қуаныштың жасы келетіні жасырын емес. Мен үшін мені қоршаған ортаның маңыздылығы өте жоғары. Осы орайда Қазақстан менің жасыл алаңдағы еңбегімді бағалайтыны қуантады. Ал бапкерлер құрамының маған деген сенімі «Астана» жейдесінде елордалық команданың намысын әр ойында жоғары деңгейде қорғауыма ерекше күш береді. Мен шындығында «Астанаға» қарыздармын. Себебі мен «Астана» сапында жүріп керемет күш алып, Ұлттық құрама сапында негізгі құрамнан орын алдым. Мен елордалық команданың намысын жоғары деңгейде қорғап, Қазақстан халқына қуаныш сыйлап, алға қойған мақсаттарымызға жету жолында талмай еңбектенетін боламын”, – деді Жуниор Кабананга.
Еске салсақ, “Астана” 26 шілде күні өз алаңында Польшаның “Легия” командасын қабылдап, 3:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. Енді сырт алаңда өтетін қарымта ойында есе жібермесе, онда кем дегенде Европа Лигасының топтық кезеңіне өтеді. Ал келесі кезеңдегі қарсыласын да жеңетін болса, онда елордалық ұжым өз тарихтарында екінші рет Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде ойнамақ.
Оқи отырыңыз:
Мен сатқын емеспін: Қазақстандық боксшы не үшін Альвареспен жаттығып жүргенін түсіндіріп берді
Сұлулардың түн ұйқысын ұрлаған Дәулет Тұрлыхановтың ұлы жайлы не білеміз?
Майк Тайсон бала күнінде сексуалды зорлықтың құрбаны болғанын мойындады