Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Түстен кейін тәтті жемейсің": Дәстен Шәкіров бір айда қалай 14 келі тастағанын айтты

Актер Дәстен Шәкіров режиссер Ақан Сатаевтың "Рэкетир" фильміне түсу үшін бір айда 14 келі салмақ тастауға мәжбүр болғанын айтады. Киножұлдыз салмақ көрсеткішін қалай бағындырғанын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі НТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Негізі бізге салмақ тастау аса қиын емес. 2014 жылы "Рэкетирге" түскен кезде 1 айда 14 келі салмақ тастадым. 

Өте мықты диетаға отырып, күніне 7-8 сағат спорт залда жаттықтым", –  деп ағынан жарылды актер.

Дәстеннің сөзінше, өмірде арық болғаныңмен, камера едәуір үлкейтіп көрсетеді. Сондықтан актерлерге салмақтың аз болуы маңызды. Бұл ретте Дәстен арықтағысы келетін жандарға өз кеңесін айтты. 



"Нан жеме, тәтті жеме. Асыңды кешкі 6-ға дейін ішіп ал. Таңертең қантсыз ботқа жейсің. Қанттың орнына банан не алма қосасың. 

Түске дейін тәтті жеуге болады, түстен кейін болмайды. Нанның орнына "хлебцы" жейсің. Түстен кешке дейін көкөніс жейсің. Ал жеміс жеуге болмайды. Себебі ол энергия. Оны таңертең жинап алып, кешке тек көкөніспен жүресің. Ал 18.00-ден кейін мүлдем тамақ ішуге болмайды. 
Сосын ұйқы маңызды. Кешкі 9.30-10.00-де ұйықтап, таңертең 7-8-де тұрасың", –  дейді актер. 

Талқылау