Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Түсірілім алаңында бірде бір қазақ болмасын": Елімізде бейнебаян түсірген ресейлік блогер өзін айыптағандарға жауап берді

Фото: Жеке парақшадан алынды

Танымал ресейлік блогер Валя Карнавалға қатысты дау шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Қазақстанға былтыр ресейлік блогер клип түсіру үшін келген. Ең басты талабы — түсірілім алаңында бірде-бір қазақ болмауы керек екен. Елестетіп көріңізші: Қазақстанға келіп, жергілікті адамдарды алаңнан кетіруді сұрау — бұл ақымақтық", — деген еді Anton S Youtube арнасы.

Алайда блогер мұны жоққа шығарды. 

“Әлеуметтік желіден маған байланысты бір видеоны көрдім. Ол жерде менің бір жыл бұрын клип түсірген кезде Қазақстан командасына дұрыс қарамағанымды айтады. Мен сіздерге ашық айтайын: бұл — жалған, сандырақ, жала және арандатушылық. Қазақстандық жігіттермен жұмыс істегеннен кейін, менде керемет әсер қалды. Клип өте керемет, тамаша шықты. Адамдар өте мейірімді әрі қонақжай екен. Осындай жалаға менің жаным ауырады. Сандыраққа сенбеңіздер, әйтпесе мен сотқа жүгінуге мәжбүр боламын" — деді Валя Карнавал видеоүндеуінде.



 

@mainstreamcheck Валя Карнавал про ситуацию в Казахстане. Ролик о котором идёт речь можете глянуть в тгк мейнстрим #fyp ♬ Aglow (Intro) - Slowed Down Version - Karamel Kel
Гүлдана Нұрлыханова
Сейсенбі, 22 Сәуір, 2025 11:12
Талқылау