Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Түсініспеушілікті шештік": Ресейлік әртіс Максим Галкин қазақстандықтарға алғыс білдірді

Ресейлік әртіс, әзілкеш Максим Галкин Қазақстанда жеке кеш беретінін қуана жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

©instagram.com/maxgalkinru

Әзілкеш еліміздің екі қаласында концерт бермек.

“Құрметті, қазақстандық көрермен! Маған қолдау көрсеткендеріңіз үшін сіздерге алғысымды білдіремін. Біз барлық түсініспеушілікті шештік. Концерт Алматы және Астана қалаларында өтеді. 8 қазан күні Астанада концерт беремін. Ал Алматыдағы кеш 6-сы емес, 9-шы қазан күні өтеді. Сіздерді асыға күтемін”, – дейді Максим Галкин әлеуметтік желіде жариялаған бейнежазбада.

Айта кетейік, бұған дейін Максим Галкин белгілі бір себептермен Қазақстанда концерт өткізе алмайтынын айтып, өкініш білдірген болатын. Күні кеше әртістің продюсері Алексей Пучков желдегі парақшасында концерттің афишасын жариялап, кештің өтетінін растады.

Еске салайық, Максим Галкин Ресей Федерациясы әділет министрінің 2022 жылдың 16 қыркүйегіндегі шешімімен шетелдік агент болып танылған болатын.

 

Талқылау