AAPL
148.56 $
0 %
TSLA
643.38 $
0 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
0 %
FB
369.79 $
0 %
FRHC
65.1 $
0 %
AAPL
148.56 $
0 %
TSLA
643.38 $
0 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
0 %
FB
369.79 $
0 %
FRHC
65.1 $
0 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Түсіме қызыл жолбарыс кіріп, бәрі дұрыс болады деп аян берді": Елбасы елорданы көшіру туралы шешімге қалай келгенін айтты

Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елорданы өзгерту туралы шешімге қалай келгенін айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Qazaqstan арнасына сілтеме жасап. 

Назарбаев

"Кеңес Одағы құлап, Қазақстан жеке мемлекет болып аяққа енді тұрып жатқан еді. Ол кезде халыққа зейнетақы төлеуге қаражат жоқ болатын. Мұғалімдер мен дәрігерлерге жалақы төлейтін де қаржы жоқ. Елорданы көшіру туралы шешім үлкен тәуекелділікті талап етті. Бір күні Сара Алпысқызы: "Елдің бәрі бұған қарсы болып жатыр. Не себепті сен мұндай шешімге барып отырсың?", –деп сұрады. Сол кезде оған: "Нұраның жағасында туған қыз емессің бе, сені ауылыңа алып бара жатырмын, қуанбайсың ба?", –деп қалжыңдадым. Бірақ, шын мәнінде, олардың барлығы менің жағдайымды ойлады. Менің мұндай шешімге келгенім – саяси тағдырымды бәйгеге тіккенім. Қазақтың "Тәуекел деген жел қайық, өтесің де кетесің, қайғы деген тұңғиық, батасың да кетесің" деген мақалы бар емес пе? Осы жылдардың ішінде мен талай тәуекелге бардым. Сол тәуекелдердің ең үлкені осы астананы көшіру болды. Бірақ оның барлығы орындалды. Мен әрқашан түйсігіме сеніп келдім, түйсігім ешқашан мені алдаған емес", – дейді Назарбаев. 



Оның сөзінше, елорданы өзгерту туралы шешім қабылданар кезде оның түсіне жолбарыс кіріп, аян берген. 

"Алладан тілегенде бір жерден сыбыр келеді. Мен Қарасай батырдың тоғызыншы ұрпағымын. Оның ұрпақтарының жанында Қарасай батырдан қызыл жолбарыс жүреді деген аңыз бар көрінеді. Ол жолбарыс Қарасайдан Сүйінбайға, одан кейін Жамбылға көшіпті. Бір күні сол қызыл жолбарыс менің де түсіме кірді. Түсімде анам марқұм екі жолбарысты екі жағына жетектеп, үйге келе жатыр екен. Сол жолбарыстың бірі басын көтеріп, қазақша "бәрі дұрыс болады, қорықпа, жаса" деді. Шамамен 1994-1995 жылдары. Осы кезде шешім қабылданып қойған, бірақ ешқандай жұмыстар жүргізілмеді. Міне, осы түс маған жігер сыйлады. Ары қарай тәуекел етіп, астананы көшірдік", – деді Елбасы. 

Еске салсақ, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев елорданың атауын өзгертуге қарсы болғанын айтқан еді. 

Талқылау
Пікір
Сабила
15 Шіл, 21 жыл - 14:28

Елбасымыздың жақсылығынан еліміз тыныш болды, соғыс болмады.  30жыл ел басқарған Назарбаев қартайған соң, жаман болды ма? Шүкір етуді ұмытпайық ағайын, күпірлік ете бермей. 

Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр