Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрсынғали Алагөзовтің жары ажырасуға келісім бермей жүр

Баян Масқсатқызы бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев туралы ойымен бөлісіп, Тұрсынғали Алагөзовпен үйлену тойының не себепті кеінге қалдырылғанын түсіндірді.

ажырасуга келісім бермей жур

Бұл туралы Sputnik хабарлады.

“Алғашқы жұбайыммен соңғы рет сөйлескен кезім дейсіз бе? Мен мұны соңғы рет деп есептемеймін, өйткені біз жау емеспіз, есікті тарс жауып тастаған жоқпын. Ақыл-есі түзу адам ретінде, екі баламыз бар екенін, олардың күнделікті сөйлесіп, хал-жағдайын сұрап, кездесіп тұратындарын ескерсек, қош айтыспай, араласып тұру жөн деп санаймын, сондықтан соңғы рет сөйлескен кезім жоқ. Сізге айтарым, біз бір-бірімізге тіл тигізген емеспіз, бірге өткізген 22 жылда ондай жайт болған емес, сол себепті онымен сабырлы, салиқалы түрде сөйлесуге шамам жетті”, — деді ол бұрынғы күйеуімен сөйлескен сәті туралы.

Оның айтуынша, Тұрсынғали Алагөзов әлі ажыраспағандықтан, үйлену тойы кейінге қалдырылған.

“Заңнамаға сәйкес, тарап қарсылық білдірсе, жарты жылға дейін ажыраспауға болады, сол себепті сот талқылауы 16 тамызда өтеді, тағы ажырастырмай қойса, заңға қайшы келеді деген сөз”, — деді ол.

Жіберіп алмаңыз:

Баян Мақсатқызы кітаптан түскен қаражатқа әйелдер мен балаларды қорғау қауымдастығын ашпақ

Баян Мақсатқызы: Көп бала тумағаныма өкінемін

Баян Есентаева: Артымнан жүгіріп жүрген отбасылы азаматтар көп (видео)

Мәдина Балғабаева: Баханың Баянға деген шексіз махаббатының куәсі болдым

Талқылау